×
489.15
533.47
5.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.15
533.47
5.64

«Жаңбыр, қар, көктайғақ»: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

«Жаңбыр, қар, көктайғақ»: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Көрнекі сурет

"Қазгидромет" 15 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Ақтөбеде түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Таразда 15 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматыда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Қонаев қаласында 15 желтоқсанда батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с.

Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңерең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Қарағандыда жауын-шашын, кей уақыттарда, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, облыстың орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Жезқазғанда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел батыстан солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Оралда 15 желтоқсанда бұрқасын, көктайғақ болады. Жел батыстан солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары. Облыстың солтүстік бөлігінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 23-28 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с. Семейде 15 желтоқсанда күндіз бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Түнде облыстың батысында жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с. Ақтауда түнде және таңертең жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Петропавлда түнде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Қызылордада кей уақытта жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақыттарда тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. Көкшетауда түнде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Павлодарда жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Астанада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.