12 қарашада жоғалып кеткен 19 жастағы Әнел Еріктің мәйіті Үлбі өзенінің жағасынан табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қыздың денесі 13 желтоқсанда табылған.
ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ
Полиция қызметкерлері 13 желтоқсанда Өскеменнің Протозанов көшесінен Үлбі өзенінің жағасынан бұған дейін із-түзсіз жоғалған 19 жастағы Әнел Еріктің мәйітін тапты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бұған дейін Атыраудағы үйлердің бірінің ауласынан еркек пен әйелдің денесі табылғанын хабарлаған едік.