×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Екібастұзда зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен айырылған

Екібастұзда зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен айырылған
Фото: freepik

Екібастұз қаласының тұрғыны белгісіз біреу оның шотынан 13 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, зейнеткер 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында аурухананың инсульт бөлімінде емделген. Онымен бірге палатада бірнеше науқас болған. Олардың барлығы куәгер ретінде сұралды.

ПОЛИЦИЯ ХАБАРЛАМАСЫ

Нәтижесінде зейнеткердің шотынан Kaspi Bank мобильді қосымшасына заңсыз кіріп, ақшаны жымқырған келіншек анықталды. Әйел ұрлық ашылады, өзін табады деп ойламағанын мойындады, – делінген хабарламада. 

Полиция ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада секс құлдыққа түскен қыздың ісі бойынша тағы адамға шешім шықты деп жазған болатынбыз.