15 желтоқсанда түнде Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы арнасы жазды.
ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 15 желтоқсан Астана уақыты бойынша сағат 23:23-те жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің координаттары: 44.000 с.е. 76.910 ш.б. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде орналасқан.
Сезілуі туралы мәліметтер: Қонаев қаласында 3 балл.
Алатау қаласында (Жетіген) 2 балл.
Күрті ауылында 2 балл.
"Қазселденқорғау" АТЭТУ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.
“Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді. Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты” делінген хабарламада.
Бұған дейін Түркістан облысында жер сілкінгенін жазған едік.