×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Қырғызстан премьер-министрі қызметінен кетті

Қырғызстан премьер-министрі қызметінен кетті
Фото: knews.kg

Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров қызметінен кетті. Оның өз еркімен арыз жазғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы 24.kg сайтына ақпарат көздері мәлімдеген. Сайт мәліметінше, Ақылбек Жапаров арызды өз еркімен жазған.

Министрлер кабинетінің келесі басшысы кім болатыны әзірге белгісіз.

Ақылбек Жапаров 2021 жылғы 1 маусым мен 12 қазан аралығында министрлер кабинеті төрағасының орынбасары болды. Ол бұл қызметті Экономика және қаржы министрлігінің басшысы жұмысымен қатар алып жүрген. 2021 жылдың 13 қазаннан бастап ол Министрлер кабинетінің төрағасы болып, Қырғызстан президенті әкімшілігін басқарды. 

Еске салсақ, бұған дейін Қаңтар оқиғасы кезінде азапталған қырғыз музыканты 61 миллион теңге өтемақы талап еткенін жазған едік.