ҚазАвтоЖол Жетісу облысы бойынша көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
“2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 10:00-де Жетісу облысы бойынша ауа райының бұзылуына байланысты “Үшарал-Достық” автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады” делінген хабарламада.
ҚазАвтоЖол сондай-ақ 17 желтоқсанда Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қар күтілетінін атап өтіп, жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрайды.
Бұған дейін қыста көлікпен жолда қалып қойғанда жағдайды қауіпсіз әрі тиімді басқару үшін көмектесетін 5 кеңесті ұсынғанбыз.