Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
БЕКТЕНОВТІҢ ЕСЕБІ
Ақорданың хабарлауынша, Олжас Бектенов экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндаған. Ресми есепке сәйкес:
Іскерлік белсенділікті одан әрі арттыру және аймақтардағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды күшейту жоспарын таныстырған.
ТОҚАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ
Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларындағы оң динамиканы сақтау бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ инвестиция тарту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, импорт алмастыру және әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің бағасын тұрақтандыруды бақылау бойынша бірқатар тапсырма берді.