×
522.49
547.88
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.49
547.88
5.06

Билік бюджет жыртығын айыппұлмен жамайын деді ме: Көбірек хаттама толтыру туралы видео тарады

17.12.2024, 14:27
Билік бюджет жыртығын айыппұлмен жамайын деді ме: Көбірек хаттама толтыру туралы видео тарады
Видеодан кадр

Желіде полиция қызметкерлерінің қатысуымен түсірілген бейнежазба таралуда. Бейнежазбада рация арқылы қандай да бір хаттамалар бойынша жұмысты күшейту туралы сөздер естіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Хаттамалар бойынша жұмысты барынша күшейтеміз. Әсіресе (…) әкімшілік хаттамалар бойынша», – дейді бейнежазбада кадр сыртындағы дауыс. Бұл бейнежазбаны сейсенбі күні журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында жариялады.

Козачковтың айтуынша, видео Алматыда, прокуратура маңында түсірілген.

«Бірақ ең қызығы – сол сәтте рация арқылы айтылған сөздер. Ол жерде әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша хаттамаларды көбірек толтыру керектігі туралы айтылады. Меніңше, үкіметтің экономикалық блогы өз жұмысын дұрыс атқара алмай жатыр, сондықтан бюджетті толтыру міндеті полиция қызметкерлеріне жүктелген. Жалпы, рөлде абай болыңыздар, ереже бұзбаңыздар», – деп жазды Козачков.

Ішкі істер министрлігі бұған дейін полицейлердің хаттама толтыруы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме бергендерін еске салды.аталған аталған жайтқа байланысты КазТАГ агенттігіне пікір білдірген.

«Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлеріне күн сайын белгілі бір сандық мөлшерде хаттама толтыру міндеттеледі деген ақпараттың таралуына байланысты, мынаны хабарлаймыз: бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ішкі істер министрлігінде әкімшілік хаттамаларды толтыруға сандық нормативтерді белгілеу тәжірибесі қатаң түрде жоққа шығарылады. Полиция қызметкерлерінің негізгі басымдығы – қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау, ал формальды көрсеткіштерді орындау емес. Егер біреуде осыған қатысты нақты фактілер немесе дәлелдер бар болса, оларды ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаментіне немесе 1402 сенім телефонына хабарлауды сұраймыз», – деп түсініктеме берді министрлік.

Бұған дейін 2025 жылы айлық есептік көрсеткіш мөлшері өсетініне байланысты айыппұлдардың да мөлшері өсетіні хабарланған.