×
434.48
492.61
5.68
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
434.48
492.61
5.68

«Отбасы» банкіндегі депозитке 6 сағат ішінде 30 млрд теңге аударылды

16.12.2021, 17:33
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар зейнетақы төлемдерінің есебінен депозиттерін белсенді түрде толықтыруда, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында - зейнетақы жинақтарын Отбасы банкіндегі депозитке аудару мүмкіндігі пайда болған алғашқы 6 сағатың ішінде қазақстандықтар өз депозиттеріне 30 миллиард теңге аударғуға өтінім берген.

Отбасы Банкінің тәжірибелі салымшылары мемлекеттік сыйлықақыны күтіп, болашақта депозиттерді ең тиімді ипотекалық бағдарламалар бойынша бастапқы жарна ретінде пайдалану үшін өз депозиттерін 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін толықтыруға асығуда», - деп жазылған банктің ресми парақшасында.

Бұл операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін перне бүгін сағат 10:00-де пайда болды. 

Ол үшін enpf-otbasy.kz онлайн-платформасына ЭЦҚ көмегімен кіріп, «Мақсатты таңдау» пернесін басып, «Тұрғын үй сатып алу» бөлімінде «Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру» - деген мақсатты таңдау қажет. 

Банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ, барлық өтінімдер онлайн түрде қабылданады. Естеріңізге сала кетейік, біржолғы зейнетақы төлемдерін алу бойынша онлайн-платформамен жұмыс істеу кезінде сізге nclayer сертификаттарын орнату қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайттында орнатуға болады. Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шаралар тек компьютерден ғана қолжетімді болатынын есте ұстаған жөн. Мобильді нұсқа қол жетімді болмайды.