×
522.49
547.88
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.49
547.88
5.06

Қазақстанда қатты сынға ұшыраған Тина Канделакиге Еуродақ санкция енгізді

Бүгін, 08:27
Қазақстанда қатты сынға ұшыраған Тина Канделакиге Еуродақ санкция енгізді
ашық дереккөзден

Еуропа одағы Тина Канделака мен Лариса Долинаға қарсы санкция енгізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САНКЦИЯҒА КІМДЕР ІЛІКТІ

Дүйсенбіде Еуропа одағының кеңесі "Ресейдің шетелдегі тұрақсыздандыратын әрекеттері" үшін жеке санкцияларды кеңейтті. "Газпром‑медиа" холдингі бас директорының орынбасары Тина Канделаки, саясаттанушы және "Валдай" пікірталас клубының бағдарламалық директоры Тимофей Бордачев, әнші Лариса Долина, Мордовия басшысы Артем Здунов шектеулерге ілікті.

Еуропа одағының жаңа санкциялар тізімінде Ресейден және басқа елдерден 54 жеке тұлға мен 30 компания бар, олар Еуропа одағы Украинаның аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндіреді деп санайды. Олардың қатарында 8 шілдеде Киевтегі "Охматдет" балалар ауруханасына артиллериялық оқ атуға қатысқан әскери қызметкерлер, бірнеше энергетикалық компаниялардың басшылығы, ЕО украин балаларын депортациялауға және ресейшіл үгіт-насихатқа жауапты деп санайтын адамдар, сондай-ақ Солтүстік Кореяның екі шенеунігі бар.

Венгрия сыртқы істер министрі Питер Сийярто жаңа санкциялар тізімін талқылау кезінде Венгрия тарапы одан Ресей саясатының кейбір ірі қайраткерлерін алып тастауға қол жеткізді деп мәлімдеді. Бұл туралы "Коммерсант" хабарлайды. Нәтижесінде ЕО санкцияларына ұшырамағандардың қатарында Мәскеу және Бүкіл Ресей патриархы Кирилл (Гундяев), Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя, Ресей Олимпиада комитеті және екі футбол клубы бар, деп түсіндірді Сиярто.

КАНДЕЛАКИ ҚАЗАҚСТАНДА НЕ ҮШІН СЫНҒА ҰШЫРАДЫ

Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки Қазақстан орыс тілін баяу болса да жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазып, дабыл қаққан. Оның бұл жазбасына елдегі теміржол бекеттерінің атауының өзгеруі себеп болған. Ресейдің тележүргізушісі Қазақстан станцияларының атауын өзгерту арқылы ел орыс тілін мемлекеттік деңгейде баяу, бірақ сенімді түрде ығыстырып жатыр деп пікір білдірген. Сол үшін Қазақстанда қатты сынға іліккен. Кейін Мәжіліс депутаттары ресейлік танымал тележүргізуші Тина Канделакидің сөзі жайлы пікірін айтқан еді.

Көп өтпей Тина Канделакидің косметика саудасы Қазақстанда тоқтап қалды.