×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Қазіргі және экс-президенттерге байланысты қандай мәлімет құпияланады: Әділет министрі не дейді

Бүгін, 12:31
Қазіргі және экс-президенттерге байланысты қандай мәлімет құпияланады: Әділет министрі не дейді
Коллаж Ulysmedia.kz

Әділет министрі Азамат Есқараев жуырда сенат мақұлдаған "Мемлекеттік құпиялар туралы” заңдағы экс-президенттерге қатысты нақты қандай құпия болатыны туралы сұраққа мардымды жауап бере алмады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Конституцияда жазылған: Президент және оның отбасы мүшелері мемлекеттің қорғауында және қамтамасыз етуінде болады. Осы норма экс-президенттерге таратылады.

- Отбасы мүшелеріне кімдер кіреді?

Журналитс-министр диалогы төмендегідей өрбіді:

- Неке және отбасы заңы бойынша… неке туралы кодексте жазылған кім кіретіні, ашып қарап алыңыз.

- 18-ге толып кеткен, ересек ұл-қыздары кіре ме? Мәселен, Дариға Назарбаева, Әлия Назарбаева?

- Қосымша сізге баспасөз хатшымыз жауап береді

- Ал жеке өмірі туралы мәлімет дегенде нені меңзеп тұрсыз? Мысалға Дубайдан алған үйлері бар, солар туралы да мәлімет құпия бола ма?

- Мен сізге жауап беріп жатқаным, мемлекет өз тарапынан экс-президентке мемлекеттік қорғауды береді, қамтамасыз етеді.

- Қандай мәлімет құпия саналады, айтыңызшы?

- Заңда… өзіңіз айтып жатсыз ғой…

- Денсаулығы екенін түсіндік. Жеке өмірі деген нені меңзейді

- Бұл мәселеге сізге қосымша анықтама ретінде жауап беремін.

Бұған дейін сенат "Мемлекеттік құпиялар туралы” заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдаған. Оған сай, Қазақстанда экс-президенттер мен олардың отбасы жайлы деректер құпия ақпараттар қатарына енгізіледі. Жобаға сәйкес, мемлекеттік құпияларға қазіргі президенттің, оның отбасының қауіпсіздігі, сондай-ақ оның денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар экс-президенттер мен олардың отбасылары туралы ұқсас ақпарат та енгізіледі.