×
524.66
550.21
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.66
550.21
5.09

Қар, көктайғақ, тұман: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Бүгін, 17:02
Қар, көктайғақ, тұман: Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Көрнекі сурет

Қазгидромет алдағы үш күнде елдің көп бөлігінде қар жауатынын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

ЦИКЛОН ӘСЕРІ

19 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігіне циклон әсер етеді, қар, бұрқасын, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел күтіледі.

19-20 желтоқсанда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 20 желтоқсанда оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты қар жауады.

21 желтоқсаннан бастап Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің батысында ауа – райы негізінен жауын-шашынсыз, солтүстікте, оңтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады.

АУЫТҚУ

Түнде ауа температурасы елдің батысында 3-13-градус аяздан 5-18 градус аязға дейін, шығысында 10-26 градус аяздан 7-20 градус аязға дейін ауытқиды; қалған аумақтарда ауа температурасының түнде солтүстік-батыста, солтүстікте 10-20 градус аязға дейін, орталықта 13-25 градус аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 7-13 градус аяз, таулы аудандарда 15-18 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.