×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды

21.12.2024, 01:35
Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды
Ашық дереккөзден

Қазақстандықтарды көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіп тұр. Соған байланысты елдің 15 облысында сенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, демалыс күндері ауа райы солтүстік-батыс циклонының әсерінен қалыптасады. 

Алматы облысында оңтүстікте, таулы аймақтарда кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда қар жауады. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Алматыда 21 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, қар жауады. Қонаевта 21 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, жолдарда қар жауады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстікте және шығыста бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-18 м/с.

Ұлытау облысында түнде шығыста бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында 21 желтоқсанда солтүстікте, шығыста және оңтүстікте бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел, оңтүстікте батыстан, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда 21 желтоқсанда түнде бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысында 21 желтоқсанда түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстік пен шығыста бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстікте және шығыста тұман күтіледі. Оралда 21 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында түнде және таңертең батыста тұман күтіледі.

Қызылорда облысында 21 желтоқсанда солтүстік және орталықтағы жолдарда көктайғақ күтіледі. Қызылордада 21 желтоқсанда жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысында 21 желтоқсанда оңтүстікте, батыста, таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында қар жауады. Облыстың таулы асуларында батыстан соғатын жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. Шымкентте 21 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістанда 21 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының батысында, орталықта бұрқасын күтіледі. Батыста оңтүстік-батыстан соғатын жел, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында солтүстік және шығыста тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады

Қостанай облысында шығыс пен оңтүстікте тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде қар жауады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен батысында оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с.

Павлодар облысында батыста және оңтүстікте қарлы боран соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысында оңтүстікте, таулы аймақтарда тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында көктайғақ бар. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с. 21 желтоқсанда Таразда кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде солтүстік-шығысқа бұрылып, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Жетісу облысында таулы аймақтарда тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, Алакөл маңында екпіні 15-20 м/с.