АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың көмекшілері еуропалық шенеуніктерді Трамптың жоспарларынан хабардар етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оларды айтуынша, Трамп Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыруға ниетті және НАТО-ның қорғанысқа жұмсайтын шығындарын көбейтуге ұмтылады.
Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін Украинаға көмектесуді жоспарлап отыр, деп жазады жұма күні, Financial Times (FT) газеті республикалық командаға сілтеме жасап.
НАТО ЕЛДЕРІНЕ ҚЫСЫМ
Сонымен бірге Трамп, FT ақпарат көздерінің хабарлауынша, НАТО-ға мүше елдерден қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 5%-ына дейін арттыруды талап етпекші. Келіссөздерден хабардар адамдардың журналистерге айтуынша, АҚШ-тың сайланған президентінің сыртқы саясаттағы ең жақын көмекшілері осы айдағы консультациялар кезінде жоғары лауазымды еуропалық шенеуніктерге оның ұстанымы туралы хабарлады.
Қазіргі уақытта НАТО-ның 32 мүшесінің 23-і ғана өздерінің ЖІӨ-нің кем дегенде 2% әскери қажеттіліктерге жұмсайды, деп жазды FT.
Бұл шығындарды 5%-ға дейін ұлғайту оларды екі еседен астам арттырады. Трамптың жоспарларымен таныс еуропалық шенеуніктердің бірі басылыммен сұхбатында біз ЖІӨ-нің «үш немесе одан да көп пайызы» туралы көбірек айтып отырғанымызды айтты. Ол Америка Құрама Штаттары бұл тақырыпты 2025 жылдың маусымында Гаагада өтетін Солтүстік Атлантикалық альянс саммитінде талқыламақшы екенін түсіндірді.
АҚШ-тың қорғаныс шығындары 2024 жылы ЖІӨ-нің шамамен 3,1% құрайды, деп хабарлайды Ақ үй. Трамптың бірінші президенттік мерзімінің соңғы жылында (2020 жылы) Пентагонның шығындары 3,4%-ға жетті, деп жазады FT.
Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Украинаға ядролық қару беруді қарастыруы мүмкін екенін жазғанбыз. Сондай-ақ зеленский егер АҚШ көмекті қысқарта бастаса, Украина соғыста жеңіліп қалу қаупі бар екенін айтқан. Ал дереккөздер Трамптың Украина бойынша жоспарын жариялады. Онда Дональд Трамптың Украина бойынша бейбіт жоспары жоқ, бірақ оның командасы белгілі бір нұсқаны қарастырып жатқаны айтылады.