×
523.86
544.34
5.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.86
544.34
5.11

ХВҚ Украинаның 1,1 млрд долларлық траншын мақұлдады

Бүгін, 13:28
ХВҚ Украинаның 1,1 млрд долларлық траншын мақұлдады
ukranews.com / НБУ коллажы

Халықаралық валюта қоры мақұлдаған қаражат 2023 жылы наурызда бекітілген кеңейтілген несиелеу механизмі арқылы бөлінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Халықаралық валюта қорының веб-сайтында жарияланған құжатта ХВҚ кеңесі «Украинаға кеңейтілген несие беру механизмінің алтыншы шолуын аяқтады, бұл шамамен 1,1 миллиард долларға баламалы соманы бөлуге мүмкіндік береді. Ол бюджеттік қолдау үшін пайдаланылатыны», айтылған.

Құжатта Украина экономикасы тұрақтылықты көрсетуді жалғастырып жатқаны және ел билігі қор белгілеген құрылымдық реформалардың барлық мақсаттары мен межелеріне қол жеткізгені айтылған.

“Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, фискалдық және қарыздық тұрақтылықты қалпына келтіру және басқаруды жақсарту үшін реформалардың тұрақты қарқыны, ішкі кірістерді жұмылдырудағы ілгерілеушілік және сыртқы қолдауды уақтылы жеткізу қажет”, делінген ХВҚ құжатында.

Еске сала кетсек, Трамп Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыруға уәде бергенін жаздық. 

Сондай-ақ бұған дейін АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Украинаға ядролық қару беруді қарастыруы мүмкін екенін жазғанбыз. Сондай-ақ зеленский егер АҚШ көмекті қысқарта бастаса, Украина соғыста жеңіліп қалу қаупі бар екенін айтқан.