×
523.86
544.34
5.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.86
544.34
5.11

Сейсмологтар еліміздің шығысында жер сілкінісін тіркеді

Бүгін, 14:05
Сейсмологтар еліміздің шығысында жер сілкінісін тіркеді
Ашық дереккөзден

Ресей мен Моңғолияның шекаралас аймағында 4,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлады.

Оқиға 2024 жылғы 21 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 00:57-де (20 желтоқсан, 19:57 GMT) тіркелді. Жер сілкінісінің координаттары солтүстік ендік 50,54 градус және шығыс бойлық 90,37 градус. Жер сілкінісінің энергетикалық класы К=12,5.

Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 9 желтоқсанда сейсмикалық стансалар желісі Түркістан облысында жер сілкінісін тіркеген болатын. 15 желтоқсанда түнде Алматы облысында жер сілкінді. Ал 18 желтоқсанда Жамбыл облысында Астана уақыты бойынша 18:11-де (GMT 13:23) Тараздан батысқа қарай шамамен 108 шақырым қашықтықта жер дүмпуі сезілді.