Алматыда намаз оқу кезінде көшені жауып тастаған 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Құқық бұзушыларға шара қолданылды: ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабының (көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау) талабын бұзған 30-дан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады ПД-ның баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 7 желтоқсанда Алматыда қалың топтың намаз оқу үшін жолды жауып тастағаны туралы хабарланған. Көшелер жабылғаннан кейін полиция тергеу жұмыстарын бастады. Одан кейін Қазақстан мүфтияты жолда намаз оқуды дұрыс емес деп мәлімдеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мұхаммед пайғамбардың өзі жолда намаз оқуға тыйым салғанын атап өтті.