×
523.86
544.34
5.11
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.86
544.34
5.11

Беларусьті 30 жыл басқарған Лукашенко жетінші рет президент сайлауына түседі

Бүгін, 18:52
Беларусьті 30 жыл басқарған Лукашенко жетінші рет президент сайлауына түседі
ашық дереккөзден

2025 жылдың 26 қаңтарына белгіленген сайлауда Беларусь президенттігіне үміткер бес кандидат тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БЕС ҮМІТКЕР

Беларусь Республикасының президенттігіне бүгін кандидаттар тіркелді. Бастамашыл топтар ОСК-ға құжаттарын ретімен тапсырды. Олар: Сыранков Сергей Александрович, Хижняк Александр Николаевич, Гайдукевич Олег Сергеевич, Канопацкая Анна Анатольевна, Лукашенко Александр Григорьевич.

Беларусь президенттігіне кандидаттарды тіркеу отырыстың күн тәртібіндегі басты мәселе болып отыр. 2025 жылғы сайлауды дайындау мен өткізудің күнтізбелік жоспарына сәйкес бұл рәсім 2024 жылғы 22-31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде өтуі тиіс: заңнамаға сәйкес ол сайлаудан 35 күн бұрын басталып, 25 күн бұрын аяқталады. 2025 жылдың 1-25 қаңтары аралығында сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары өтеді.

ОСК-ның бүгінгі отырысында дауыс беруге арналған бюллетеннің мәтінін белгілеу, азаматтардың жекелеген санаттарының дауыс беруін ұйымдастыру туралы мәселелер де қаралды. Сондай-ақ, Беларусь президенттігіне кандидаттардың сайлауалды сөз сөйлеу күні мен уақытын теледидар мен радио арқылы анықтау бойынша жеребе тартылады.

ЛУКАШЕНКО

Беларусьті 1994 жылдан бері Александр Лукашенко басқарады. Ол өзін жетінші рет президент сайлауына үміткер ретінде тіркеп отыр. 1994 жылы 20 шілдеде президент ретінде ол алғашқы антын қабылдаған. Тоқсаныншы жылдары ол миллиондаған азаматтардың сеніміне жылдам ие болып, содан бері алты сайлау циклынан өтті. Лукашенко әлемдегі ең ұзақ ел басқарған саясаткерлердің ондығына кіреді әрі өз қызметінен бас тартатындай ниеті жоқ.

ЕҚЫҰ Беларусьте өткізілген соңғы (2020 жылғы) сайлауды бұрмалаудың даусыз дәлелдері бар, ал күш органдары бейбіт демонстрацияларға жауап ретінде адам құқықтарын жаппай бұзды, соның ішінде азаптауды қолданды деп ашық сынаған болатын.