×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Апат салдарынан Алматының бірнеше шағынауданы жылусыз қалды

23.12.2024, 19:40
Апат салдарынан Алматының бірнеше шағынауданы жылусыз қалды
Ulysmedia коллажы

Алматыда жылу трассасында апат болып, соның салдарынан бірнеше шағынаудан жылусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Жылу желісіндегі зақым сонау 1984 жылы орнатылған құбырда бүгін болған.

«Алматы жылу желілері» кәсіпорнының мәліметінше, мәселе құбырлардың тозуы салдарынан туындаған. Сәтбаев, Достық, Тайманов көшелерінің маңы, сондай-ақ Самал 1, 2 және 3 шағын аудандары жылусыз қалды.

«АЛТС» ЖШС жөндеу-құрылыс қызметі 24 желтоқсан күні түнгі сағат 01:00-ге дейін жылу беруді қалпына келтіруге күтілетін уақытты жеделдету жұмыстарын жүргізіп жатыр», деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін жылусыз қалған Ақтау қаласында құбырлар 12 жерден жарылғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ Ақтаудағы 39-ықшамауданның тұрғындары жолды жауып, әкіммен кездесуді талап еткен. Олар пәтерлердегі суыққа шағымданбақ болған.