×
503.42
542.08
6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.42
542.08
6

Париждегі Эйфель мұнарасынан өрт шықты

24.12.2024, 23:41
Париждегі Эйфель мұнарасынан өрт шықты
Жасанды интеллект / realnoevremya.ru

24 желтоқсанда Парижде Францияның басты символдарының бірі Эйфель мұнарасы өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Өрт ғимараттың бірінші және екінші қабаттарының арасында орналасқан лифт шахтасынан шыққан.

Оқиға кезінде мұнара жұртшылық үшін жабық болғанымен, оның маңайында адамдар көп болған. Құтқарушылар мұнараның айналасын қоршауға алып, қауіпсіздік мақсатында 1200-ге жуық адамды сыртқа шығарды.

Өрт ошағына жету қиын болғандықтан, өртті сөндіру қиынға соқты. Қазір өрттің шығу себебі анықталып, құзырлы органдар тергеуді жалғастырып жатыр.