Алматыда жанжал кезінде қаза тапқан 20 жастағы тай боксынан әлем чемпионы Әли Серік екені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Қазақстан муайтай федерацияс мәлім етті.
“Алматы қаласынан қаралы хабар келді. Муайтайдан ересектер арасында әлем чемпионы Серік Али бұзақылар қолынан қаза тапты. Чемпионымыздың отбасына,туған-туыстарына қайғыра көңіл айтымыз. Бекем болыңыз” делінген қаралы хабарда.
Бұған дейін Алматыда 20 жастағы жігітті танысы пышақтап өлтіргені хабарланған.
Аталған жайтқа байланысты полиция депарламенті хабарлама таратты.
«20 жастағы азаматтың өлімі бойынша Наурызбай ауданының Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады», – деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған,
Полиция мәліметінше, таныстар арасында жанжал туындап, соның салдарынан олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыс құралы тәркіленген.