Алаяқтар салық төлеушілердің электрондық мекен-жайларына және әлеуметтік желілерге «банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алуды бұзушылықтарды жою туралы ескерту» деген тақырыппен хабарламалар жіберіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы кірістер комитеті мәлім етті.
МӘН-ЖАЙЫ
“ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады. МКК ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек «салық төлеушінің кабинетіне», «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетіне және «E-salyq» мобильді қосымшаларына жібереді. Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады” делінген хабарламада.
КОМИТЕТ ЕСКЕРТПЕСІ
Комитет осыған байланысты салық төлеушілерді қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, қолма-қол ақша аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.
Кірістер комитеті ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электрондық пошталарына жіберу жүзеге асырылмайтынын ескерте кетті.