×
515.25
535.91
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.25
535.91
5.18

Қазақстанмен соттасқан Стати: Ұлттық қорға 80 млн доллар қайтарылды

25.12.2024, 10:59
Қазақстанмен соттасқан Стати: Ұлттық қорға 80 млн доллар қайтарылды
Коллаж Ulysmedia.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ұзақ уақытқа созылып, жуырда нүктесі қойылған Сати ісінің оң шешілуіне байланысты ұлттық қорға қомақты қаражат қайтарылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Үкімет пен ұлттық банктің кәсіби қызметінің арқасында бұғатталған 80 млн доллар ұлттық қорға қайтарылды. Ұлттық қорымыз доллармен есептелетіндіктен, бәрін валютамен санаймыз” деді Тимур Сүлейменов мәжіліс кулуарында.

Таяуда Ұлттық банк Қазақстан Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және Стати тараптары арасындағы сот дауларын реттеу процесінің сәтті аяқталғаны туралы хабарлаған.

ҰЛТТЫҚ БАНК НЕ ДЕЙДІ

Реттеу нәтижесінде Қазақстан Ұлттық банкі Стати тарапы Ұлттық қор активтеріне қойған талаптарынан бас тартуына және Швецияда қамтамасыз ету шараларының ықпалында болған Ұлттық қор активтерін өз иелігіне қайтаруға қол жеткізген.

Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ұзақ мерзімді кірістілігін жақсарту үшін жағдай жасауға ықпал ететін операциялық икемділікті арттыруға және әлеуетті инвестициялық серіктестердің барынша кең ауқымын тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. 

Түпкілікті реттеу туралы келісімнің нақты шарттары жасырын.

СТАТИ ІСІНЕ НҮКТЕ

Қазақстан Үкіметі мен Ұлттық банк және Стати тараптары Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды реттеу үдерісін сәтті аяқтағаны күні кеше хабарлаған еді.

ДАУ ЖАЙЛЫ

Сот дауы 2010 жылы Қазақстан Статидің мұнай кен орындарын тәркілегеннен кейін туындаған. 1999 жылдан бастап Стати кәсіпкерлері Қазақстандағы Боранкөл, Толқын және Табыл блогы кен орындарына пайдаланылмайтын лицензиялары бар екі компанияны сатып алған.

Келесі онжылдықта олар бизнесті табысты барлау және өндіру компанияларына айналдыру үшін 1 миллиард доллардан астам инвестиция салды. 2008 жылдың аяғында бизнес табысты болып, мемлекетке айтарлықтай табыс әкелген. Стати дивидендтерді төлеп үлгерген сәтте, оннан астам мемлекеттік орган көп тексеру жүргізіп, ақыры Стати тараптарына қарсы теріс қылықтар бойынша айып тағылып, оның қызметкерлерін қылмыстық қудалау басталды.

Қазақстанның іс-әрекеттері Статидің инвестицияларға меншік құқығына күмән келтіріп, жүздеген миллион доллар салық төлетуге, қылмыстық санкцияларға ұшыратты. Кейінірек Стокгольм арбитражы 2010 жылдың шілдесінде Қазақстан билігінің Стати инвестицияларын мемлекет меншігіне алуын заңсыз деп тапты.