Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Әсетұлынан Ulysmedia тілшісі Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің бұрынғы кеңесшісі делінген Нұрболат Әлімбаевтің оқиғасы не болып жатқанын сұрады.
Тілші мен министр орынбасары арасындағы әңгіме төмендегідей болды:
- Нұрболат Әлімбаев сыртқы істер министрлігімен соттасып жүр екен. Ол жұмыс чатында дұрыс емес реплика айтқан болуы керек. Соған байланысты қызметінен шеттетілген. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, осының мән-жайын білесіз бе?
- Мен мән-жайын білмеймін. Бірақ бір айтарым ол кісі дипломат емес
- Кеңесші...
- Жоқ, кеңесші емес. Кеңесші де дипломатиялық қызмет қой. Ол кісі кеңесші болмаған.
- Сіз демек бұл кісіні білесіз ғой иә?
- Мен естідім шет жағын. Бірақ қандай шешімге келіп отырғанын білмеймін. Бізде елшілікте анда-санда Қазақстан азаматтарын келісім-шарт негізінде аламыз. Нақты деталін білу үшін бізге жазбаша түрде…
- Нақты бұл іс туралы білмейсіз бе? Этика сақталған-сақталмағаны туралы…
- Мен естігенім ондай іс-шара болған, нәтижесін білмеймін.
ОҚИҒАНЫҢ БАЯНЫ
Қазақстанның Таиландтағы елшілігінің бұрынғы кеңесшісі делінген Нұрболат Әлімбаев бір жылдан астам уақыт бойы өзінің министрлігінің табалдырығын тоздыруда. Дипломатиялық іссапардан оралған соң, ол тәртіптік жазаға байланысты жаңа қызметке орналасу мүмкіндігінен айырылғанын білген. Оған бейресми министрлік чатына жазған ұстамсыз пікірлері үшін жаза қолданылған. Ulysmedia.kz Әлімбаевтың министр мен министрлікке сотқа шағымдануына не себеп болғанын және дипломаттар арасында жазылған чаттағы сөздерінің мазмұнын анықтады.
- Кім ол қызмет бабымен таза адам болып кеткен. Даже в России уже говорят надо прекращать врать», «Считаю, что мы есть скотина. Мал емеспіз, чтобы вам дебилам было доходчиво! Могу все свои слова обосновать. Устал я от вашей..., – деп жазған Әлімбаев әріптестерімен хат алмасу кезінде қазақша мен орысшаны араластырып. Оның осы сөздеріне байланысты оған тәртіптік жаза қолданылған.
Әлімбаевтың не нәрсені дәлелдеуге тырысқаны белгісіз. Алайда, оның бұл тәртіптік жазаны 2022 жылдың 20 қазанында алғаны белгілі. Бір айдан кейін Қазақстанда президент сайлауы өтті.
Нұрболат Әлімбаев Қазақстанның СІМ жүйесінде 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді (немесе қазір бұл мәселені сот шешеді). Оның жалпы еңбек өтілі – 26 жыл. 2020 жылдың қазан айынан бастап 2023 жылдың тамызына дейін Таиланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінде кеңесші қызметін атқарған (В корпусы / С-2 категориясы). Алайда, дипломатиялық іссапардан оралғаннан кейін оған жаңа қызмет ұсынылмаған. Себебі – 2022 жылдың 20 қазанындағы Сыртқы істер министрінің тәртіптік жаза туралы бұйрығы.