×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Ақтаудағы ұшақ апаты: министр Әлназарова соңғы жаңалықтарды айтты

25.12.2024, 12:29
Ақтаудағы ұшақ апаты: министр Әлназарова соңғы жаңалықтарды айтты
Ulysmedia коллажы

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, оқиға орнына 14 жедел жәрдем бригадасы жіберілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Журналистер апаттан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқанын мәжіліс кулуарында министрден сұрады.

– Әзірге ештеңе белгісіз. Жедел жәрдем қызметінің 14 бригадасы оқиға орнына шығып кетті. Ол жерге мамандар ұшып кетті. Бір вице-министр осында жағдайды бақылауға ұстап отыр. Қазір санитарлық авиация борттары даяр тұр. Сол жаққа травматологтар мен нейрохирургтарды жібереді. Сол жерде көмектесеміз, – деді ол.

Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған

ҰШАҚ АПАТЫ ЖАЙЛЫ

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау әуежайының маңында ұшақ құлаған еді. Оқиға орнынан видео желілерде тараған. Кадрларда ұшақ күрт биіктігін жоғалтып, құлап бара жатқаны көрінеді. Оқиға орнына арнайы қызметтер жеткен. Оқыс оқиға Сайын Шапағатов ауылында болғанын хабарланды. Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі ұшақ Баку қаласынан Грозныйға бағыт алғанын мәлім етті.

"Ақтау маңында Баку – Грозный бағытындағы рейстік ұшақ апатқа ұшырады. Бұл Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Арнайы тергеу жүргізіледі", – делінген хабарламада.

Желтоқсанның аяғы қазақстандықтар үшін ірі ұшақ апатын еске салады да тұрады. Биыл Алматыдағы Bek air Fokker 100 ұшағының құлағанына 5 жыл болады. Астанаға бет алған Z92100/BEK2100 нөмірлі ішкі рейс әуе көлігі көтерілмей жатып оң жаққа күрт қисайып, артқы жағы бірнеше рет жерге тиіп, бетон қоршауды бұзған күйі әлі салынып бітпеген екі қабатты үйге соғылған.

Қайғылы жағдайдан 1996 шығарылған ұшақтағы 98 адамның 12-сі қаза тапқан.