×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Бір банктің картасынан екіншісіне ақша жібергенде 12% комиссия ұсталатыны рас па

25.12.2024, 13:18
Бір банктің картасынан екіншісіне ақша жібергенде 12% комиссия ұсталатыны рас па
Жасанды интеллект/Ulysmedia

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа салық кодексі бойынша бір картадан екіншісіне ақша аударғанда 12% комиссиялық төлем алына ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вице-министрдің айтуынша, комиссия тек банктер мен қаржы ұйымдарына ғана қатысты болады. Клиенттерден қосымша ақы алынбайды.

– Аударым үшін қызметтің бағасы бар. Ол сол мөлшерде қалады, ішінде шартты түрде салық. Оның клиенттерге қатысы жоқ. Оны банк ұйымдары төлейді. Олар тек өз маржаларын азайтады.  Ал банктер пайыздарды (комиссиялық төлемді) өздері бекіте алмайды, - деді Біржанов.

Еске сала кетейік, жаңа салық кодексінің жобасында арнайы салық салу режимі шеңберіндегі мөлшерлемелерді екі санатқа бөлу ұсынылады: B2B және B2C үшін. Қазіргі мөлшерлеме бірыңғай әрі ол 3% құрайды, бірақ B2B үшін жаңа құжатта бұл көрсеткішті 12%-ға дейін көтерісі келеді.

ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІ

Бұған дейін Астанада жаңа салық кодексінің жобасы бойынша дөңгелек үстел өткен болатын. Кәсіпкерлер кодекс жобасында талқылауды және түзетуді талап ететін кемшіліктер барына сенімді.

Жаңа кодекстің жобасы 21 маусымда" Ашық НҚА " порталында жарияланған. Әлі де талқыланып жатыр.