Ulysmedia.kz Ақтаудағы ұшақ апаты туралы соңғы мәліметтерді баян етеді.
ҮКІМЕТ ЖАҚТА НЕ ДЕЙДІ
Премьер-министр президентке Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты ағымдағы жағдай туралы хабарлаған. Мемлекет басшысына үкіметтік комиссияның Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Аz Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру және зардап шеккендерге көмек көрсету жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалған.
– Оқиға орнында зардап шеккендерге толық қолдау көрсету үшін шаралар қабылданды. Төтенше жағдайлар қызметі 430-дан астам қызметкер мен 80-ге жуық техниканы жұмылдырды. 29 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық, психологиялық және басқа да көмек көрсетілуде. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Әзербайжан Үкіметімен бірлесіп шетел азаматтары мен қаза тапқан жолаушылардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілуде, – дейді үкіметттен.
Президент зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті жәрдем көрсетуді тапсырды.
ТЖМ: 373 ҚОҢЫРАУ ТҮСТІ
ТЖМ хабарлауынша, 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылған. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.
Астана қаласындағы Командалық орталықта және Маңғыстау облысының ТЖД-да жедел желі телефондары жұмыс істейді (8-7172-55-96-21, 55-96-83, 8-7292-31-90-91), оған 373 қоңырау түскен.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тізімі нақтыланып жатыр. Ақтау қаласына Әзербайжан төтенше жағдайлар министрі генерал-полковник Кямаледдин Фаттах оглы Гейдаров жетті. ТЖМ Командалық орталығының базасында республикалық штаб құрылды, оның құрамына Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Сыртқы істер министрлігінің және басқа да ұйымдардың өкілдері кірді. Осы сағатта барлығы жеке құрамнан 432 адам және 79 бірлік техника бар.
АПАТ ЖАЙЛЫ
Ұшақ құстардың соқтығысып, рөльдің жоғалуына байланысты төтенше жағдай жариялаған. Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасы ұшақтың бортында баллон жарылғанын хабарлады.
Қазақстанның көліктегі полиция департаменті "екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соқтырған көлік құралының қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ақтауда ұшақ апатының себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамына премьер-министрдің орынбасарлары, Маңғыстау облысының әкімі, төтенше жағдайлар, көлік, сыртқы істер, Ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы, бас көлік прокуроры кіреді.
ӘЗЕРБАЙЖАНДА ҚАРАЛЫ КҮН
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 26 желтоқсанды аза тұту күні деп жариялады.Тиісті өкімге ел президенті қол қойды.