×
515.89
536.32
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
515.89
536.32
5.17

Ақтаудағы трагедиядан кейін "Орал әуежелілері" бортсерігін жақындары таппай жатыр

25.12.2024, 18:56
Ақтаудағы трагедиядан кейін "Орал әуежелілері" бортсерігін жақындары таппай жатыр
E1.RU

Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының арасында "Орал әуежелілері" әуе компаниясының қызметкері Рамин Агаев болған, деп жазады Ulysmedia.kz порталы E1.RU сайтына сілтеме жасап.

 

 

Бұл туралы E1.RU порталына оның ағасы хабарлаған. Туыстары Раминнің тағдыры туралы ештеңе білмейді. 28 жастағы стюард байланысқа шықпай жатыр. Оның аты-жөні қаза тапқандар мен жарақат алғандардың тізімінде жоқ.

– Ол Бакуге анасына менің баламды апару үшін ұшып барды. Бүгін таңғы сағат 8-де ол Бакуден Мәскеуге Грозный арқылы ұшуы керек еді, Ол жақында жұмысқа шығуы керек болатын. Бірнеше күн демалыс алып, анасына барып қайту үшін уақыт тапты – деді Раминнің ағасы Эмин.

Рамин екі жылға жуық уақыттан бері «Орал желілері» әуе компаниясында бортсерік болып жұмыс істеген. Бұған дейін ол Киров қаласында тұрған. Онда журналист мамандығы бойынша қызыл диплом алғанымен, өз мамандығы бойынша жұмыс істемей, ағасымен бірге бөлшек саудамен айналысқан. Ақырында мамандығын түбегейлі өзгертуге шешім қабылдаған.

– Ол Мәскеуге барып, арнайы оқудан өтіп, бортсерік болып жұмысқа тұрды. Бұл жұмыс оған өте ұнайды, ұшуды бұрыннан армандайтын, – деді Раминнің ағасы.

Әуе компаниясының өкілдері алдын ала ақпарат бойынша Раминнің тірі екенін хабарлады, бірақ ол әлі байланысқа шыққан жоқ. 24 желтоқсаннан 29 желтоқсанға дейін оның демалыс күндері болған.

АПАТ ЖАЙЛЫ

Бүгін Ақтауда Бакуден Грозный қаласына бағыт алған Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ұшақ құстармен соқтығысқан деген нұсқа бар. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы ұшақ бортында баллон жарылғанын хабарлады.

ТЖМ министрлігінің дерегінше, бортта 69 адам болған, оның 5-еуі экипаж мүшесі. Оның ішінде Әзірбайжаннан 42 адам, Қазақстаннан адам, Қырғызстан 3 адам, Реейден 16 адам болған.

Апаттан амал қалған 29 адам, оның ішінде 2 бала ауруханаға жатқызылған. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ екені хабарланды.