×
514.93
536.04
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
514.93
536.04
5.18

Алтауы реанимацияда – ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы қалай

26.12.2024, 10:56
Алтауы реанимацияда – ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы қалай

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының сағат 10:30-дағы мәліметі бойынша ауруханаға келіп түскен барлық пациенттер ҚР ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізген. Олардың біреуінен Әзербайжан азаматтығы анықталды. Сондай-ақ, санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келген.

Жоғарыда аталған мамандардан басқа, Әзербайжан денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келген. Барлық зардап шеккен науқастарға тексеру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ зардап шеккендермен және олардың туыстарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр.

РЕСЕЙ АЗАМАТТАРЫ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Бүгін таңертең Ақтау уақытымен сағат 08:30-да РФ ТЖМ орталық аппаратының санитарлық авиация бортынмен Ресей азаматтары эвакуацияланған.

​Қазір ауруханада 20 науқас бақылауда. Оның 6-ы реанимацияда: 5-і МОБ ЦОР-да және 1-і Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде. МОБ ЦОР-дан 2 пациент травматология бөлімшесіне ауыстырылған.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.

29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.