×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Режеп Тайып Ердоған ең төменгі жалақыны 50% көтерді

18.12.2021, 15:52
Фото: ашық дереккөз

Ердоған Түркияда лираның рекордтық құлдырауына байланысты ең төменгі жалақының көтерілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ria.ru-дың мәліметінше, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған лираның рекордтық құлдырауына байланысты 2022 жылы Түркиядағы ең төменгі жалақыны 2825 лирадан 4250 лираға дейін арттыратынын мәлімдеді.

Бейсенбі күні Түркияның орталық банкі есептік мөлшерлемені 15 пайыздан 14 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Түркия орталық банкінің отырысының қорытындысы жарияланғаннан кейін лира бір доллар үшін 15,6 лираға дейін құлдырап, жаңа антирекорд болды.

«Жыл сайын желтоқсан айында министрлік (еңбек), кәсіподақ және жұмыс берушілердің қатысуымен өткен отырыстарда ең төменгі жалақы мөлшері анықталады. Бүгін түпкілікті шешім қабылданды. Жұмысшылар мен жұмыс берушілер өкілдерінің ең төменгі жалақы туралы түсінігі әртүрлі. Бірақ Мен тараптар консенсусқа келе алғанына қуаныштымын.Осы келіссөздер аясында біз шешім қабылдадық, оған сәйкес 2022 жылы ең төменгі жалақы кем дегенде 4250 лира болады.Ал кәмелетке толмаған балалары барлар үшін бұл көрсеткіш одан да жоғары болады», - деді Ердоған журналистерге.

Ол 2021 жылы 2825 лираны құраған ең төменгі жалақының 50 пайызға жуық өскенін «Соңғы 50 жылдағы рекорд» деп айтты. Ердоғанның айтуынша, ең төменгі жалақыдан түсетін кейбір салықтар жойылады.

Серіктес жаңалықтары