Армения делегациясы Минскіде өтетін ЕАЭО Жоғары экономикалық кеңесінің отырысына тек қашықтағы форматта қатысады. Бұл туралы Ленинград облысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында сөйлеген сөзінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Пашинян Армения Минскіде кездесу өткізуге қарсы емес екенін, бірақ оған тек бейнеконференция арқылы қатысуды жоспарлап отырғанын түсіндірді.
Беларусь президенті Александр Лукашенко бұған аздап ирониямен жауап берді:
«Сізде қандай проблема? Минсктен қашық па, әлде сізді жеткізіп тастайтын ешкім жоқ па? Қажет болса, делегацияңызды тасымалдауды ұйымдастырамыз».
Пашинян да қарап қалмай, жауап қайтарды:
«Еш мәселе жоқ. Мүмкін сіздердің теледидарларыңызда да мәселе туындаған шығар, мен мұны түсінемін. Оған түсіністікпен қараймын».
2024 жылдың маусымында Пашинян Лукашенко президент болып отырған кезінде Беларуське енді ешқашан бармайтынын айтқан. Сонымен қатар ол Беларусь аумағында өтетін іс-шараларға Арменияның бірде-бір ресми өкілі қатыспайтынын баса айтқан.