«Қазгидромет» жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар, боран болжанады. Ал антициклон жотасының ықпалымен батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі», – делінген хабарламада.
Астана: ауыспалы бұлтты, күндіз аздаған қар, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде температура -11-13, күндіз -6-8 градус.
Алматы: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен соғады. Түнде температура -5-7, күндіз +1+3 градус.
Шымкент: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Түнде температура -4-6, күндіз +5+7 градус.
Аймақтар бойынша:
«Алдағы тәулікте елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы өзендерде мұздық құбылыстар мен мұз қалыптасу процестерінің күшеюіне байланысты су деңгейінің өзгеруі жалғасады», – деп ескертті синоптиктер.