Air Astana әуе компаниясы 10 жасар баланың Түркия әуежайында екі күн жалғыз қалып қойғанына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әуе компаниясы депортация туралы шешімді қабылдаушы елдің миграциялық қызметі қабылдайтынын мәлімдеді. Баланы ұстау жағдайын да Түркияның миграциялық қызметі анықтаған.
– Өз тарапымыздан, әуе компаниясы баланы күніне үш рет тамақпен қамтамасыз етіп, психологиялық қолдау көрсетті. Сондай-ақ жағдайды тезірек шешу үшін Қазақстан Республикасының консулдығы және Түркияның миграциялық қызметімен тұрақты байланыста болды.
Бұл жағдайда әуе компаниясы миграциялық қызметтің нұсқауын орындауға міндетті болды, солай жасалды: бала ең жақын тікелей рейспен Қазақстанға қайтарылды. Бұл үшін ережеге сәйкес оның кері билеті қолданылды. 25 желтоқсан күні, екі күннен кейін, бала жаңа билет бойынша қайтадан Түркияға «сүйемелдеусіз жолаушы» ретінде ұшып кетті, – делінген хабарламада.
ОҚИҒАНЫ БАЯНЫ
Белгілі қазақстандық адвокат Данильхан Шағатаев 10 жасар қазақстандық Түркия әуежайында екі күн бойы жалғыз қалуға мәжбүр болған оқиға туралы айтқан. Адвокат паспорт жоғалған бала депортацияға арналған арнайы бөлмеде екі күн бойы жалғыз болғанын, оған әуе компаниясының өкілдері көмектеспегенін жеткізген.
ҰҚСАС ОҚИҒА
Осыған ұқсас оқиға Орал тұрғыны Жазира Мусинаның басынан өткен. Әйелдің айтуынша, FlyArystan компаниясы өзінің егіз балаларының бірін бөтен қалада жалғыз қалдырып кеткен.
2024 жылғы 20 шілдеде Жазира Зере мен Зауре Ғалиеваның балалары АҚШ-тан бір топ баламен бірге сенімді адамның қарауында Оралға оралған. Астана арқылы ұшпақ болғанында тіркеу кезеңінде проблемалар туындаған. FlyArystan қызметкерлері Заурені рейске тіркеп, бірақ оның әпкесі Зерені тіркеуден бас тартқан. Сөйтіп өзге балалар ұшып кетіп, Зере Астана әуежайында жалғыз қалып қойған. Кейін Fly Arystan қызметкерлері жас баланы ұшаққа кіргізбегені үшін 3 млн теңгеден астам айыппұл салынғаны белгілі болды.