Абай облысының құтқарушылары тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
“Бүгін кешке Семей қаласында Екінші жағалау көшесінде көппәтерлі жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үйде жеке заттар мен үйдің шатыры жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылар жалпы ауданы 120 ш.м. болатын өртті сөндірді”, деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер жоқ. Десе де ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып отыр.