Шыңжаң-ұйғыр автономды ауданында тұратын Әлімхан Сейити 135 жасында өмірден озды, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы синхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Әлімхан Сейити 1886 жылы 25 маусымда Қашқар округы Шүле уезі Көмішерік ауылында туған.
2013 жылы ол бұрын Қытайдың геронтологиялық Қоғамы деп аталатын Қытай геронтология және гериатрия қауымдастығы құрған Қытайдың ең кәрі тұрғындарының тізімінде бірінші тұрған. Ол қайтыс болғанға дейін өте қарапайым өмір сүрген кісі екен. Әрдайым уақытында тамақтанып, өз ауласында серуендегенді жақсы көрген. Шөберелерін бағуға көмектескен.
Жалпы Көмішерік кісілері ең көп өмір сүретін ауыл ретінде танымал. Ол ауылда жасы тоқсаннан асқан адамдар көп.