×
521.81
543.67
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
521.81
543.67
5.05

АҚШ Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге көмектесуге дайын

Бүгін, 01:38
АҚШ Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге көмектесуге дайын
ҚазТАГ

Америкалық тарап Әзербайжандық AZAL әуе компаниясы ұшағының апатын тергеуге көмектесуге ниетті екендерін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Ақ үйдің кеңесшісі Джон Кирби мәлімдеді.

«Біз тергеуде өз көмегімізді ұсындық», - деді ол.

 EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазып жатыр.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.