×
503.15
543.3
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.15
543.3
5.93

«Тарс» еткен дыбыс естілді, ұшақ шайқала бастады – аман қалған жолаушы көргенін айтып берді

28.12.2024, 10:26
«Тарс» еткен дыбыс естілді, ұшақ шайқала бастады – аман қалған жолаушы көргенін айтып берді
скриншот

Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағының апатқа ұшыраған жолаушысы оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

“БӘРІМІЗ БІТТІК ДЕП ОЙЛАДЫҚ”

Субхонкул Рахимов AZAL ұшағының апатқа ұшырауына дейінгі оқиғалар жайлы айтты, сондай-ақ экипаж қалай әрекет еткенін баян етті. Оның өзі Тәжікстанның тумасы. Ресейде 24 жыл тұрады. Ресейді азаматы.

– Мен ұйықтап жатқанмын. Бір уақытта ұшақ биіктей бастағанын сездім. Көзімді ашсам жан-жағым тұман. Тереземнен қарасам, асты да, үсті де тұман. Мен енді екінші рет айналып, қонамыз деп ойладым, – дейді Рахимов.

Жолаушы сол кезде Грозныйдың үстінен кетіп бара жатқан-жатпағанын білмегенін айтты. “Тарс” еткен дыбысты естіген соң салбырап оттегі маскалары түсе бастаған. Ол сондай-ақ панельдің қаптамасы зақымданғанын байқаған. Әуе кемесі қатты шайқалып, содан кейін биікке көтеріле бастаған. Биікке көтерілу уақытын жәбірленуші ұзақ деп санайды.

Содан кейін әуе лайнері бағытын түзеп, төменгі эшелонға ұша бастады, деп жалғастырды агенттіктің сұхбаттасушысы.

– Біраз уақыттан кейін теңізді көрдім. Күн ашылғандай болып, айқынырақ көрінді. Ұшақ шайқалақтағандай болды, – дейді Рахимов.

Жәбірленушінің айтуынша, "тарс" еткен дауыстан кейін әуе кемесі басқарылмай, "шайқалақтай" түскен.

Осы уақытта жолаушылар бұл олардың өмірінің соңғы сәттері болуы мүмкін екенін сезіп, түсіне бастады, дейді Субхонкул Рахимов. Оның өзі орындықта намаз оқи бастаған.

Ер адам ұшақ құлағаннан кейін есін жоғалтпағанын және өзін бірнеше рет артқа лақтырғанын, басын ұрып алғанын есіне алды.

– Менің көз алдымдағы от есімде, сап-сары жалын болды. Содан кейін ол жерде бірнеше секунд өтті де, бәрі тыныштала қалды. Мен аман, сап-сау болғаныма таңғалдым, - деп еске алады Рахимов апатқа ұшырағаннан кейінгі сәттерді.

Рахимовты стюардессаның төзімділігі мен ұстамдылығы ерекше таңғалдырыпты. Ол соңына дейін өз міндетін орындап, жолаушылармен сөйлесіп, оларды тыныштандыруға тырысқан. "Бұрышта тығылып, сыбырлап отырмады" дейді ол.

– Ол өзін өте жақсы ұстады. Менің жазбамда оның дауысы бар, ол әзербайжан тілінде сөйлейді. Әзербайжан тілін білмеймін, ол сол жерде адамдарды тыныштандырды. Ол нұсқаулыққа сәйкес бәрін жасады, соңғысына дейін тұрды. Бұл стюардесса соңына дейін жолаушыларды тыныштандырды, – деді ол.

Ол сондай-ақ Қазақстандағы жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен жолаушыларға көмек көрсетуді уақтылы ұйымдастырғаны үшін, министр орынбасарының ауруханаға келгені үшін алғысын білдірді.

EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН

Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазып жатыр.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.