×
518.21
590.09
6.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.21
590.09
6.3

Ұлыбритания Ресейдің Украинадағы қылмыстарын тергеуді қаржыландырады

29.12.2024, 14:19
Ұлыбритания Ресейдің Украинадағы қылмыстарын тергеуді қаржыландырады
Ашық дереккөзден

Ұлыбритания толық ауқымды басып алу кезінде ресейлік әскер жасаған қылмыстарды ашуға көмектесу үшін Украинаға 4,5 миллион фунт стерлинг (шамамен 5,4 миллион еуро) беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Лондон бөлген ақшаны басқалармен қатар Украинаның Бас прокуратурасы да алады. Қаражат «құжаттандыруға, тергеуге және қудалауға» жұмсалады.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Лэмми: «Украинадағы зорлық-зомбылық қорқынышты – жауапкершіліксіз тұрақты бейбітшілік болуы мүмкін емес деді

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

Бұған дейін Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы 2024 жылы Ресейдің Украинаға қарсы соғысы кезінде ресейлік тараптың әрекеті нәтижесінде балалар жарақат алған кемінде 17 оқиға орын алғанын хабарлады:

«Дала тергеулерінің нәтижелері ресейлік әскерлердің бейбіт тұрғындары мен азаматтық инфрақұрылымды қасақана нысанаға алғанын көрсетеді».

Атап айтқанда, мұндай шабуылдардың бірінде шілде айында Украинадағы ең ірі «Охматдыт» балалар ауруханасына ресейлік зымыран түскен еді.

Ресей Федерациясының Украинадағы балаларға қарсы қылмыстарының қатарында олардың Ресейге немесе Украинаның оккупацияланған аумақтарына заңсыз депортациялануы да бар. Бұған дейін Украина омбудсмені Дмитрий Лубинец Киевтің кем дегенде осындай  20 мың жағдайдан хабардар екенін, бірақ іс жүзінде олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтқан.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС

Ресей 2022 жылғы 24 ақпанда көрші әрі бауырлас мемлекет – Украинаға басып кірген. Президент Владимир Путин кейінгі кезге дейін басқыншылықты “арнайы операция” деп атап, ондағы мақсаты орыс тілді азаматтардың құқығын қорғау екенін айтудан танбады. Түрлі сарапшылар шын мәнінде Путинге Украинаның өркениетті Еуропаға қарай бой түзеп, Еуро Одаққа, НАТО-ға қосылуды жоспарлау арқылы өзінің ықпалынан сусып бара жатқаны ұнамағанын айтады.

ПУТИННІҢ МАҚСАТЫ

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің басты мақсаты – Донецк пен Луганск облыстарынан тұратын Донбасты толығымен басып алу және Украинаның Курск облысындағы әскерлерін ығыстыру екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Путиннің Украина бойынша “бейбіт” жоспары елді үш бөлікке бөліп, оккупацияны жалғастыруды көздейтіні хабарланған.

Серіктес жаңалықтары