Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Баку-Грозный бағытындағы Embraer-190 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы кезінде жоғары кәсібилік пен ерлік көрсеткен тұлғаларды марапаттауға қатысты Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды. Ulysmedia.kz.
Құжатқа сәйкес, «Ұлт батыры» атағы экипаж мүшелері Игорь Кшнякинге, Александр Кальяниновқа және Хокюме Алиеваға қаза тапқаннан кейін берілді.
Сонымен қатар, апаттан аман қалған Асадов Зулфұғар мен Айдан Рахимли бірінші дәрежелі «Рашадат» орденімен марапатталды.
АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ
25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.
EURONEWS: ҰШАҚТЫ РЕСЕЙ ЗЫМЫРАНЫ АТЫП ТҮСІРГЕН
Euronews бұған дейін Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ ресейлік зымыраннан атылғанын мәлімдеген еді. Басылым Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп, апат Грозный үстінде ресейлік зымыраннан атқаннан болған деп жазады сенімді түрде. Осындай нұсқаны әлемдік БАҚ-тар да жарыса жазып жатыр.