×
504.44
545.65
5.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.44
545.65
5.95

Ресейлік танкер Балтық теңізінде су асты кабелін зақымдаған деген күдікке ілінді

30.12.2024, 14:10
Ресейлік танкер Балтық теңізінде су асты кабелін зақымдаған деген күдікке ілінді
BILD

Фин тергеушілері Финляндия мен Эстония арасындағы суасты кабелінің зақымдалуына ресейлік танкерді айыптап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

BILD басылымының жазуынша, Eagle S танкері 25 желтоқсанда Балтық теңізіндегі Estlink2 кабелін зақымдады деген күдікпен фин билігі тарапынан ұсталған.

Кабель үзілгеннен кейін теңіз түбінде күдікті із анықталды, деп хабарлады тергеуші Сами Пайла. Оның сөзінше, іздің ұзындығы ондаған километрге созылады.

Бұл із ұсталған танкердің якорын теңіз түбінде сүйреп, кабельді зақымдағанын көрсетеді деген күдік тудырды. Қазіргі уақытта полиция танкер бортында криминалистикалық зерттеулер жүргізіп, экипаждан жауап алып жатыр, сондай-ақ теңізден үзіліп қалған якорьды іздестіруде.

Eagle S танкері Кук аралдарының туы астында жүзіп жүр, ал ЕО билігі оны Ресейдің көлеңкелі флоты құрамында деп есептейді.