×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Қазақстанда бүгіннен бастап көшпелі цирктер мен зообақтарға тыйым салынады

01.01.2025, 11:08
Қазақстанда бүгіннен бастап көшпелі цирктер мен зообақтарға тыйым салынады
ашық дереккөзден

Бүгіннен бастап Қазақстанда хайуанаттар бағының көшпелі цирктердің және океанариумдардың қызметіне тыйым салатын «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңдағы өзгерістер енеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТР НЕ ДЕДІ

Бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев заңға түзетулер күшіне енетінін айтқан еді.

– Заңнамада жабайы жануарларды көрмеге шығаруға, көшпелі зообақтарға, көшпелі океанариумдарға және сол сияқты шараларға тыйым салатын норма қарастырылған. Бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сондықтан менің ойымша, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап мұндай көшпелі цирктер, зообақтар және басқаларының қызметі тоқтатылады, - деді министр.

ЗАҢ ҚАШАН КҮШІНЕ ЕНДІ

Жалпы заң 2022 жылы 2 наурызда күшіне енген. Заңның негізгі мақсаты жануарларға деген қарым-қатынасты құқықтық реттеу, оларға адамгершілік көзқарас таныту деді оны жазғандар. Заң аясында азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеу идеологиясына басымдық берілген. Мәселен, бұл заң жануарларға ауырсынуды сезінетін қабілетті тіршілік иелері ретінде қарауға, жануарлардың өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты үшін иелерінің жеке жауапкершілігін арттырып, оларды қатыгездіктен қорғауға, халықтың моральдық және адамгершілік көзқарасын тәрбиелеуге негіз болған.