×
520.27
537.65
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.27
537.65
5.24

Ресей газының Украина аумағы арқылы Еуропаға транзиті тоқтатылды

01.01.2025, 11:51
Ресей газының Украина аумағы арқылы Еуропаға транзиті тоқтатылды
Global Look Press

Украинаның энергетика министрлігі Ресей газының Еуродаққа транзиті 1 қаңтарда таңертең тоқтатылғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

– Сағат 07:00-де ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін Ресейдің табиғи газын Украина аумағы арқылы тасымалдау тоқтатылды. Украина белгіленген тәртіп бойынша шетелдік серіктестерге хабар берді, - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

"Біз Ресей газының транзитін тоқтаттық, бұл тарихи оқиға. Ресей нарықты жоғалтып, ол қаржылық шығынға ұшырайды" деді министр Герман Галущенконың баспасөз қызметі.

Ресей газының Украина аумағы арқылы транзиті 2019 жылдың аяғында Ресейдің толық шабуылына дейін жасалған шарттар бойынша тасымалданып келген. Осы жаңа жыл қарсаңында шарттардың мерзімі аяқталып, Украина оларды ұзартудан бас тартты.

Былтыр "Газпром" осы бағыт бойынша шамамен 15 миллиард текше метр жанармай жеткізген. Бұл Еуродақтағы жалпы тұтыну мөлшерінің 4,5 пайызын құрайды. Өткен аптада Украина президенті Владимир Зеленский үшінші елдер сатып алған кезде де транзиттік келісімді ұзарту мүмкіндігін жоққа шығарған.