Қарағанды тасжолында ауа райының нашарлауына байланысты шамамен 800 автокөлік жолда қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бүгін Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі негізгі бағыт: Қарағанды – Астана және Қарағанды – Павлодар жолдары жабылды.
АВТОЖОЛДАҒЫ ЖАҒДАЙ КҮРДЕЛІ
Күн сайын 10 мыңнан астам көлік өтетін республикалық маңызы бар Алматы – Екатеринбург автожолында күрделі жағдай қалыптасты. Теміртау қаласының маңындағы терминалда жолдардың жабылуына байланысты шамамен 800 автокөлік жиналып қалған.
Қарағанды облысының полицейлері жол жағдайын қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті шараны жасап жатыр. Жақын арада автоколоннаға Ақмола облысының шекарасына дейінгі бағытта қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ілесіп жүру ұйымдастырылады.
Қарағанды облысының полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын елді мекендерден тыс жерлерге аса қажеттіліксіз шықпауға шақырады. Жол жағдайы туралы өзекті ақпарат алу үшін 112 қызметінің хабарламаларын қадағалауға кеңес беріледі.
АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ
Бұған дейін Қазгидромет 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Қарағанды облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Жел екпіні 23-28 м/с дейін барады. Облыстың оңтүстігінде, батысында аздған жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Қарағандыда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 15-20 м/с.
Көкшетауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанайда түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с. Ақтөбеде түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Өскеменде түнде және таңертең бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Семейде күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Оралда тұман, көктайғақ күтіледі. Түнде жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 18 м/с.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қызылордада кей уақыттарда тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Атырау қ.: 03 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Күндіз 0,-2 °C, түнде -8-10 °C дейін барады.
Жамбыл облысында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Күндіз күн +2+4 °C жылы, түнде -3-5 °C.
Қостанай облысында көшпелі бұлт жүреді, қар, бұрқасын болады.