Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Солтүстік Атлантикалық циклон, ылғалды атлантикалық ауа массалары республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарының ауа райына әсер етеді. Оның фронттық бөліктерінің әсерінен әртүрлі фазадағы жауын-шашын, қар, жаңбыр аралас қар және жаңбыр болады.
6 қаңтарға қарай ел аумағына суық ауа массасы тарай бастайды, салдарынан ауа температурасы төмендеп, қар жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында Оңтүстік Каспий циклонының фронттық бөліктерінің ықпалы сезіледі, сонымен қатар, жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
5-6 қаңтарда орталық және шығыс аймақтар жоғары қысым аймағының ықпалында болады, мұнда ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман, жаңбыр аралас қар және көктайғақ болады.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп төмендеуі болжанады: