×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны айтылды

05.01.2025, 22:47
Шерзат Полаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны айтылды
Ашық дереккөзден

Салтанат Нүкенованың ағасы, құқық қорғаушы Айтбек Амангелді Талғарда өлтірілген Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы қашан басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Instagram-да жазылушылардың сұрағына жауап бере отырып, Айтбек Амангелді былай деп жазды:

Менің ойымша, наурыз айында басталады (бірақ ертерек немесе кейінірек басталуы мүмкін). Тергеу әзірге соңғы сатысында, тараптарға іс материалдарымен танысуға уақыт беріледі. Бізден басқа 11 күдікті мен олардың адвокаттары бар. Олар өз тараптарынан өтініш бере алады. Осыдан кейін іс прокуратураға жіберіледі. Кейінірек судьяны анықтау үшін сотқа жіберіледі. Содан кейін судья өз кестесіне сәйкес алдын ала тыңдауды белгілейді. Содан кейін бас сот басталады, – дейді ол.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

ҚАРЖАУБАЙДЫҢ ҰСТАЛУЫ

Талғарда 10 желтоқсан күні полиция Қаржаубай Нұрымовты ұстаған еді. Бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап еткен еді. Видео әлеуеттік желілерде пайда болған. Нұрқанат пен Шерзаттың туған-туыстары жолға шығып, болған жайтты баян еткен. Наразылықтарын жеткізген. 

Кейін Шерзаттың әкесі мен әпкесі 15 күнге қамалғаны белгілі болды.

Белсенді әрі Қаржаубай Нұрымов ұсталған кезде оқиға орнында болған куәгер Дінмұхамет Қаматай Нұрымовты ұстар алдында ол "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпаратты жоққа шығарған.

НҰРҚАНАТТЫҢ ҚАЗАСЫ

Ресми мәліметке сәйкес, Нұрқанат Ғайыпбаев өз-өзіне қол салған. Полиция ер адам күзетілетін объектіден сағат 23:30-да жеке автокөлікпен шығып кеткенін хабарлады.