×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

2024 жыл — тарихтағы ең жылы жыл болды: мұның Қазақстанға әсері қандай

06.01.2025, 08:54
2024 жыл — тарихтағы ең жылы жыл болды: мұның Қазақстанға әсері қандай
Ашық дереккөзден

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым 2024 жыл - әлем тарихында рекордтық деңгейде ең жылы жыл болғанын хабарлады. Осы жөнінде климаттың өзгеруі орталығының директоры Айдын Бақдолотов пікірін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ДМҰ ЗЕРТТЕУІНДЕ НЕ ДЕЙДІ

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның хабарлауынша, орташа жаһандық температура индустрияға дейінгі деңгейден (1850-1900 жылдар) 1,54°C жоғары, бұл жаһандық жылыну көрсеткіші үздіксіз үдеп келе жатқанын көрсетеді. Климаттың өзгеруінен туындаған төтенше ауа-райы оқиғалары барған сайын жойқын бола бастаған. Рекордтық деңгейдегі ыстық, су тасқыны, ұзаққа созылған құрғақшылық және 2024 жылы болған дауылдар экожүйелер мен адамдарға үлкен зиянын келтіріп жатыр.

ГАЗ ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ АРТЫП БАРАДЫ

2024 жылдың 30 желтоқсанында ДМҰ климаттың өзгеруі ауа-райының күрт өзгеруіне себеп болды деп мәлімдеді. Ғалымдардың пікірінше, парниктік газ шығарындылары қайтадан рекордтық деңгейге жеткен, бұл атмосферадағы жылуды ұстап тұратын және температураның одан әрі көтерілуіне ықпал ететін "жылу тұзағының" әсерін күшейтеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл шығарындылар су тасқыны, құрғақшылық және жойқын дауыл сияқты төтенше жағдайлардың жиілігін арттырады.

Осы қарашада ДМҰ “Климат жағдайы 2024" есебін ұсынған. Онда қаңтар-қыркүйек айларындағы жер бетіндегі орташа температура 2023 жылмен салыстырғанда 0,09°C жоғары болған. Бұл кезде жылылық 1,45°c асып кетті. Осы дәреженің әрбір оннан бір бөлігі табиғи жүйелер мен адамдардың өміріне жойқын әсерді күшейтеді. ДМҰ сонымен қатар бұл үрдіс және рекордтық жылу 2025 жылы жалғасуы мүмкін екенін ескертті.

ЕГЕР ШАРА ҚАБЫЛДАМАСА

БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (UNEP) есебіне сәйкес, әлем айтарлықтай жылыну жолында келеді. Егер шығарындыларды азайтып, шұғыл шаралар қабылданбаса, ғасырдың аяғында орташа жаһандық температура 3,1°C-қа көтерілуі мүмкін. Температураның мұндай өсуінің салдары апатқа ұласады: жиі және қарқынды табиғи апаттар болып, биоәртүрлілік жоғалады, экожүйелер қайтымсыз өзгеріп, мұхит деңгейінің көтерілуіне апарып соғады.

ҚАЗАҚСТАНҒА ӘСЕРІ

Айдын Бақдолотовтың айтуынша, климаттың өзгеруінің жаһандық көрінісі шеңберінде Қазақстан бойынша деректер де ерекшеленген. Қараша айында "Қазгидромет" РМК 2023 жылға арналған жыл сайынғы бюллетеньді жариялаған. Ол елдегі ең жылы деңгейді көрсеткен. Қазақстандағы ауаның орташа жылдық температурасы климаттық нормадан (1961-1990 жж.) 2,58°C-қа асып, рекордтық деңгейге жеткен. Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе станциясында биыл ең жоғары температура (+46,0°C) тіркелген.

Бұдан басқа, Қазақстанда жауын-шашын мөлшері бойынша рекордтар тіркелді. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы Каменка метеостанциясында шілде айында 203 мм жауын-шашын түсіп, 1959 жылғы (133,1 мм) рекордтан асып түсті. Ал климаттық өзгерістер аймақтар бойынша біркелкі көрінбейді, бұл жаңа мүмкіндіктер мен тәуекелдерді тудырады. Мысалы, солтүстік аймақтарда ұзағырақ вегетациялық кезең ауыл шаруашылығына қолайлы болуы мүмкін, ал оңтүстік және батыс аймақтарда жылу ұзақтығы халықтың денсаулығына қауіп төндіреді, энергия жүйесіне жүктемені арттырады.