×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Лингвист: Қазақ тілінің 80% араб сөзінен деген түсінік - далбаса

Лингвист: Қазақ тілінің 80% араб сөзінен деген түсінік - далбаса
Коллаж: Ulysmedia.kz

Лингвист және зерттеуші Бибарыс Сейтақ қазақ тілінің 80 пайызы арабтікі деген пікірге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бибарыс Сейтақ лингвистикада гигиена деген ұғым жоғын атап өтті. 

“Біріншіден, тіл, әрине, таза болуға тиіс емес. Лингвистикада гигиена деген ұғым жоқ. Тіл ешқашан таза болмаған, ондай мүмкін емес сияқты. Қашан да халықтар араласып, байланысып, өзара сауда-саттық жасап отырған. Тіпті Орхон-Енисейдегі түркі тілі кірме сөзге толып тұр. Араб тілінің өзі кірме сөзге толы. 

Адамдар әртүрлі когнитив себептерден ауызашардың орнына ифтар, сәресінің орнына сухур деп қолданған кезде оны араб тіліне қарсы сентиментке өздерінің жауабы деп ойлаймын. “Қазақ тілінің 80 пайызы араб сөзі” деген – далбаса. Біріншіден, қазақ тілі мен араб тілінің арасында тікелей байланыс жүрген жоқ. Себебі арабтар біздің көршіміз болған жоқ, тарих бойынша арабтармен үш қайнаса сорпамыз қосыла қоймайды. Есесіне бізбен қашан да көрші болған парсы, иран тілдес халықтар, соғдылар, кейін көбіне тәжіктер. Былайша айтқанда “коллабтасқанбыз”, дейді лингвист Dope soz подкастына берген сұхбатында. 

Бибарыс Сейтақтың сөзінше, дінге қатысты ертеректе енген терминдердің көп бөлігінің араб тіліне қатысы жоқ. 

“Намаз, пайғамбар, ораза, құдай, жайнамаз, періште деген сөздер. Олардың кейбіреуі исламға дейін енген болуы мүмкін. Немесе басқа діндер арқылы енген. Яғни байланыс парсы тілімен жүрген. Бізге енген араб сөздерінің өзі парсының сүзгісінен өтіп, парсы тілінен енген сөздер. Мысалы ратификация, латинизация деген сөздер түбінде латынға байланысты екенін білсек те біз оны қайткен күнде де русизм деп қабылдаймыз және солай санаймыз. Себебі олар орыс тілінен кірген кірме сөздер.

Яғни біздегі арабизм деп ойлайтын сөздердің біраз бөлігін негізі иранизм деген дұрыс болар. Бұл тұрғыда қазақ тілінің ерекшелігі – бейімді болуында. Фонетикамызға кірме сөздерді бейімдеп алу қабілеті болған. Ол жазбаша тілдің қатаң заңы болмағандықтан деп түсіндіріледі. Менің ойымша, ол белгілі бір деңгейде рас. Шынымен Еуропада да жазбаша тілі болмайынша кеңінен тараған үрдіс еді. Тілдер сөздерді қабылдаған кезде оны өз тілдеріне, заңына сай етіп бейімдеп отырды.” дейді лингвист.