Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігіндегі материал Қазақстанға жеткізілетіні белгілі болды. Қазақстанның Көлік министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ
Министрлік мәліметінше, алдағы күндері Астанаға авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия мүшелерінің борттық өздігінен жазғыштардан (қара жәшіктерден) алынған материалдармен келеді деп күтіліп отыр.
Келген соң сарапшылар борттың өздігінен жазғыштардан алынған деректерді дереу зерттеуге кіріседі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бразилия Қазақстанға қара жәшікті зерттеу қорытындысын бергені белгілі болған еді. Себебі Бразилияда Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктерін талдау аяқталған.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Бразилияның әуе күштері Embraer ұшағының қара жәшіктерін талдауды аяқтап, материалдарды Қазақстанға жіберген.
Материалды Бразилияның үш тергеушісі, сондай-ақ Әзербайжан мен Ресейдің агенттері талдаған.
Апатты талдауға және тергеуге жауапты мекеме қара жәшіктегі материалдарды қазақстандық авиациялық апаттарды тергеу органына жіберді және апат туралы қорытынды есеп жарияланады.
АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ
25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 38 адам қаза тапты.
Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады. Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
25 желтоқсанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі табылды. Ал 26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көліктегі прокуроры Абылайбек Ордабаев ұшақ құлаған жерден тағы бір «қара жәшік» табылғанын айтты.