Синоптиктер 8 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
8 қаңтарда Алматы облысының тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Алматы қаласында 8 қаңтарда түнде кей уақытта қатты қар күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Қонаев қаласында 8 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
8 қаңтарда Павлодар облысында бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
8 қаңтарда Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
8 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
8 қаңтарда түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 8 қаңтарда түнде жаяу бұрқасын күтіледі.
8 қаңтарда түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қаласында 8 қаңтарда түнде көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан шығысқа ауысып түнде 15-20 м/с күтіледі.
8 қаңтарда түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 8 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
8 қаңтарда күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семей қаласында 8 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
8 қаңтарда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын, күндіз бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қаласында 8 қаңтарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
8 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.
8 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында 8 қаңтарда түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман күтіледі.
Астана қаласында 8 қаңтарда түнде кей уақыттарда қатты қар, бұрқасын, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с.