×
527.3
544.86
4.95
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
527.3
544.86
4.95

Ауылдағы балаларда білім алуға мүмкіндік жоқ — Гарвардта оқитын қазақ студенті

Ауылдағы балаларда білім алуға мүмкіндік жоқ — Гарвардта оқитын қазақ студенті
Коллаж: ulysmedia.kz

Ауылдағы балаларда білім алуға мүмкіндік жоқ. Бұл туралы Гарвардтағы қазақ студенті Әсел Амангелді Ұлысмедианың АҚШ-қа сапары аясындағы арнайы репортаждың бірінші бөлімінде айтты. 

Әсел Амангелді қазақстандық балалар білім алуда белгілі бір жүйеден ары шыға алмайтынын айтады. 

- Ауылдарда мен секілді қаншама бала бар? Мен секілді алға ұмтылғысы келетін қыздар бар. Бірақ оларда мүмкіндік жоқ, жүйе жібермейді. Қанша жақсы оқыса да алдынан ҰБТ шығады, бүкіл нәрсені шешетін бір-ақ емтихан бар. Өтсе өтті, өтпесе құлады. Балалардың әртүрлі қызығушылығы болады. Мен оқитын кезде ҰБТ-ның өзінде жемқорлық болатын. Балалар сол жүйеден ары шыға алмайды, дейді Әсел. 

Әсел өзінің алдағы миссиясы жайлы айтты. 

- Енді менің миссиям білімнің көмегімен осылай Қазақстанды келесі деңгейге шығару. Ол өте үлкен естіледі. Бірақ мен Қазақстандағы білімді, яғни сапалы білімді барлық балаға теңдей болғанын қалаймын. Балалардың бастау нүктесі бірдей емес. Кейбір бала бай отбасында туылады. Оны бірінші сыныбынан қосымшаға береді. Ал кейбір бала ауылда, өзінен кіші сіңлісіне, қарындастарына қарайды. Үйге барып жұмыс істейді. Олардың сабақтан кейін келіп, қосымшаға баратын уақыттары да жоқ. Бұл жерде теңсіздікті көріп тұрмыз. Білім деген адамды теңдестіретін, әлемдегі жалғыз нәрсе. Сол білім бәрінде болуы керек, дейді қазақстандық студент. 

АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ

Айта кетейік, Ulysmedia.kz порталының АҚШ-қа сапары аясындағы арнайы репортаждың бірінші бөлімінде ғалымдармен, халықаралық қаржы ұйымдарының, алып компаниялардың қызметкерлерімен сұхбаттасқан едің. Шығарылым көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырды, алуан түрлі пікір жазылды. Портал бұл жолы АҚШ-қа сапар барысында түсірілген арнайы репортаждың екінші бөлімін ұсынады.

Екінші бөлімнің кейіпкерлері - АҚШ-та оқитын және оқуын аяқтап өнер жолын қуған қазақ қыздары. 30 жылдан бері мұхиттың ар жағында тұратын, 
бұл күнде америкалыққа айналған отандастастарымыз. Балаларының болашағы үшін көшіп кеткен қазақтар. Әрқайсының тарихы өз алдына қызық әңгіме. Спикерлеріміз АҚШ-қа келу жолы, бүгінгі өмірі, Қазақстан жайлы, елдегі саяси құбылыстар жайлы ойларын бүкпесіз айтты. 

Айман Стакарт - Вашингтон аймағында белгілі жылжылмайтын мүлік агенті. 90 жылдары америкалыққа тұрмысқа шығып қоныс аударған ол қазақтар көшінің динамикасын жақсы біледі. 

Айнұр Роджерс - білім қуып келіп АҚШ-та тұрақтаған отандасымыз. Солтүстік америка қазақтары қауымдастығының негізін қалаушы.

Руслан Алшымбаев - спортшы, каратэ жаттықтырушысы. Бұрынғы мемлекеттік қызметкер. Балаларының келешегі үшін АҚШ-қа көшкен. 

Айнұр Төлендиева - музыкант, скрипкашы. Америкада музыкалық карьера жасауға кірісіп кеткен қаршадай қазақ қызының Бостондағы өмірімен таныстық. 

Әсел Амангелді - Гарвард студенті. Қиын балалық шағы, оқу жолы, білім саласындағы кәсібі жайлы әңгімелейді. 

Арнаға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз.

“Америкадағы қазақтар” арнайы репортажының бірінші бөлімін мына сілтемеден көруге болады.